Білім алушылар арасында шахматты насихаттау, олардың шеберлігін арттыру мақсатында 2026 жылғы 15-16 сәуір күндері «Өскемен көпсалалы технология колледжі» КММ-нің базасында 2-11 сынып оқушылары арасында шахматтан республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиадаға Зайсан, Катонқарағай, Тарбағатай, Самар, Үлкен Нарын, аудандарының және ШҚО дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп командалары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – Тарбағатай ауданының құрама командасы;
ІІ орын – Зайсан ауданының құрама командасы;
ІІІ орын – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ-нің командасы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!