Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 16 cәуір күні Өскемен қаласындағы№ 50 жалпы білім беретін мектебі базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Конкурсқа облыстың жалпы білім беретін мектептерінен жалпы саны 70 оқушы қатысты.
Әбіш оқулары 5 бағыт бойынша өткізілді:
-
Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу;
-
Ә. Кекілбаевтың шығармаларын (прозасы, поэзиясынан) мәнерлеп оқу;
-
Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша зерделеу жоба байқауы;
-
Ә. Кекілбаев шығармаларынан сахналық қойылым;
-
Ә. Кекілбаевтың шығармалары бойынша ақындар мүшәйрасы.
Конкурс қорытындысы бойынша 45 оқушы жүлдегер атанды:
-
І орын – 9;
-
ІІ орын – 11;
-
ІІІ орын – 25.
Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары конкурстың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!