2026 жылдың 15-17 сәуірі аралығында Астана қаласында Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша зерттеу жобаларының халықаралық конкурсы өтті.
Конкурс оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, математика және механика саласындағы дарынды оқушыларды анықтау, зерттеу дағдыларын қалыптастыру және жас ғалымдарға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.
Ғылыми додаға Қазақстан, Таиланд және Түркия елдерінен келген оқушылар қатысып, жобаларын халықаралық стандартқа сай ашық көрме форматында қорғады.
Облысымыздың жас зерттеушілері «Математика», «Қолданбалы математика» және «Экономикадағы математикалық әдістер» секциялары бойынша жобаларын ұсынды.
Конкурстың қорытындысы бойынша облысымыздың оқушылары жоғары нәтижелер көрсетіп, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен:
- Гречухин Глеб –облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Умарбеков Искандер – облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Кабдешова Дильяра – Өскемен қаласы, З. Ахметов атындағы №16 орта мектебінің 11 сынып оқушысы (математика) марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен:
- Ермек Нұрали – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (экономикадағы математикалық әдістер);
- Бекболатов Әлихан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (экономикадағы математикалық әдістер) марапатталды.
Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің оқу гранты Өскемен қаласы, З. Ахметов атындағы №16 орта мектебінің 11 сынып оқушысы Кабдешова Дильяраға табысталды.
Олимпиадаға қатысушылар үшін спорттық іс-шаралар, психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар тілейміз!