+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
«Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
16 Сәу, 15:31

2026 жылы 7-8 сәуір күндері «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумы қашықтық форматта өткізілді.

Форумды ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Шығыс Қазақстан облысынан форумға облыстық кезеңінің жеңімпаздары атанған тоғыз оқушы қатысты.

Форум қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп–лицейі» КММ-нің 11-сынып оқушысы Калинина Александра І  орынға ие болды. Александраға диплом және бағалы сыйлық табысталды.

Александраны және оның жетекшісі мен ата-анасын жеңісімен құттықтаймыз!