2026 жылдың 9 мен 13 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Шымкент қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың құқық негіздері, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәндерінен қатысты.
Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері - оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.
Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен Өскемен қаласындағы Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Ержанова Жанерке (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен Өскемен қаласындағы №34 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Самойлова Полина (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды.
ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:
Серікқызы Жұлдыз – Катонқарағай ауданындағы Өрел орта мектебінің 10 сынып оқушысы (құқық негіздері);
Фархатқызы Аяужан – Күршім ауданындағы Ю.А. Гагарин атындағы №1 Күршім орта мектебінің 11 сынып оқушысы (құқық негіздері) марапатталды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен Өскемен қаласындағы№11 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Климошенко Анна (орыс тілі мен әдебиеті) марапатталды.
Олимпиадаға қатысушылар үшін психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.
Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!