+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Қазақ тілі мен әдебиетінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңін өткізу ЕРЕЖЕСІ
16 Сәу, 10:50

1. Жалпы ережелер

1.1. «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңін (бұдан әрі – Слет) өткізу ережелері оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын және өткізу тәртібін, қатысушылар мен жеңімпаздарын анықтайды.

1.2. Слеттің мақсаты: балалар мен жастарда азаматтылық пен отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу, экспедициялық жасақтардың туристік қызметін жандандыру жолымен салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды қосымша біліммен қамту.

1.3. Слеттің міндеттері:

1) балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту

2) білім алушылардың денсаулығын, дене шынықтыру, адамгершілік және рухани тәрбиесін нығайту, оларды салауатты өмір салтына баулу;

3) туристік және спорттық шеберлікті арттыру, мықты қатысушыларды анықтау;

4) облыстың үздік балалар экспедициялық жасақтарын анықтау;

5) Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын, табиғи және туристік әлеуетін зерделеу және дәріптеу;

6) балаларды туристік іс-шараларға тарту арқылы оларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайтуға жәрдемдесу.

1.4. Слетті Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) күндізгі (офлайн) форматта өткізеді.

1.5. Слетті ұйымдастырушылар Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, слетті өткізеді және қорытындысын шығарады.

2. Слетті өткізу мерзімі мен орны

2.1. Слет 2026 жылғы 22 мамырда өткізіледі.

2.2. Қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер директорларының қолы қойылған Слетке қатысу туралы өтінім 2026 жылдың 4 мамырына дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Әрбір өтініш беруші бір ғана өтінім бере алады. Бір қатысушының екі және одан да көп номинацияларда бірлескен авторлығына жол берілмейді.

2.3. Слет қорытындысы ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығының shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.

2.4. Слетке ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Слетті ұйымдастырушылар конкурс материалдарын авторды көрсете отырып БАҚ-та жариялауға құқылы.

3. Слетке қатысушылар

3.1. Слетке жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары – аудандық/қалалық Слеттер номинациялары бойынша жеңімпаздардың құрама командалары қатысады.

Қатысушылардың жасы: ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі жағдай бойынша 12-16 жас (2010-2014 ж.т.).

3.2. Әр ауданнан, қаладан команданың сандық құрамы: 9 білім алушы және 1 топ жетекшісі.

3.3. Слет өтетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұратын жеріне қайтар жолда балалардың өмірі мен денсаулығы үшін білім бөлімі айқындаған топ басшысы жауапты болады.

Топтың әрбір қатысушысы іс-шара өткізілетін жерге барар жолда, оны өткізу кезінде және тұрғылықты жеріне қайтар жолда өз заттарының сақталуына жауапты болады.

3.4. Топ жетекшісінде келесі құжаттар болуы тиіс:

1) Слеттің облыстық кезеңіне қатысу үшін білім алушылар мен топ жетекшілерін жіберу туралы білім бөлімі басшысының бұйрығының көшірмесі;

2) қалалық, аудандық білім бөлімдері басшыларының, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептер директорларының қолы қойылған Слетке қатысу туралы өтінім;

3) топ қатысушылары мен жетекшінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (куәлік (паспорт) немесе туу туралы куәлігі);

4) дәрігердің қолымен және мөрімен расталған қатысушының денсаулық жағдайы туралы анықтама;

5) қатысушылардың ата-аналарының нотариалды куәландырылған сенімхаттары.

4. Слетті өткізу тәртібі мен шарты

4.1. Іс-шараларға қатысу арқылы балаларды қосымша біліммен қамтуды арттыру мақсатында Слет үш кезеңде өткізіледі:

Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік Слет;

Екінші кезең (іріктеу) – аудандық/қалалық Слет;

Үшінші кезең – облыстық Слет (2026 жылғы 22 мамыр)

4.2. Слеттің бірінші және екінші (іріктеу) кезеңдерін өткізу мерзімі аудандық, қалалық білім бөлімдері басшыларының, облыстық мамандандырылған мектеп директорларының бұйрықтарымен айқындалады.

4.3. Слет санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларын, дезинфекциялау, кварцтау, желдету режимін сақтай отырып, адамдардың көп жиналуына жол бермеу арқылы немесе қашықтықтан өткізіледі.

4.4. Слет келесі номинациялар бойынша өткізіледі.

1. «Менің кіші Отаным» номинациясы - балалар туризмі туралы үздік бейнеролик (1 қатысушы).

Бейнероликке қойылатын талаптар:

1.Тақырыптық бағыттылығы

- конкурстық жұмыс қатысушының кіші Отанына (қала, ауыл, кент, аудан) арналған бейнеролик болып табылады және келесі бағыттарды қамтуы мүмкін:

- туған өлкенің тарихы мен дәстүрлері;

- белгілі тұлғалар;

- мәдени және табиғи көрікті жерлер;

- балалар мен мектеп туризмінің дамуы (басымды);

- автордың туған өлкесіне деген жеке көзқарасы (басымды).

2. Жұмыс форматы

- жанры: еркін (репортаж, сұхбат, бейнеклип, әңгіме, видеоподкаст және т.б.);

- ұзақтығы: 3 минуттан аспауы тиіс;

- бейнеформаты: MP4 / MOV;

- экран бағыты: көлденең (16:9);

- бейне сапасы: кемінде 1280×720 (HD);

- фотосуреттер мен музыкалық сүйемелдеуді қолдануға рұқсат етіледі.

3.Авторлық және түпнұсқалық

- жұмыс авторлық болуы тиіс;

- авторлық құқықтың сақталуына жұмысты ұсынған қатысушы жауапты;

- фото, бейне және музыкалық материалдарды тек рұқсат болған жағдайда немесе дереккөзді көрсете отырып пайдалануға болады;

- бейнеролик мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.

4.Тілі және ұсынылуы

- бейнероликтің тілі: қазақ немесе орыс тілі;

- анық, сауатты сөйлеу;

- материалдың логикалық әрі жүйелі баяндалуы;

- сөйлеу әдебі мен мәдениет нормаларын сақтау.

5. Безендірілуі

- бейнероликтің басында келесі мәліметтерді көрсету ұсынылады:

- жұмыстың атауы;

- қатысушының аты-жөні (Т.А.Ә.);

- білім беру ұйымы;

- елді мекен атауы.

Слетке бұрын қатысқан жұмыстар қабылданбайды.

2. «Ең үздік экспедициялық жоба» номинациясы (1 қатысушы) – байқауға қатысу үшін туған өлке бойынша туристік-өлкетану (экологиялық, географиялық, тарихи-мәдени) экспедиция жобасын ұсыну қажет:

- ұзақтығы: кемінде 3 күн;

- формасы: автономды, далалық жағдайда тұрумен;

- маршрут: туған өлке (аудан, облыс, өңір) аумағы бойынша өтуі тиіс.

Бағалау өлшемдері:

- жобаның өзектілігі мен мақсаты;

- экспедицияны жоспарлау және ұйымдастыру;

- зерттеу әдістемесі және оны жүзеге асыру (басымды);

- нәтижелер мен практикалық маңызы (басымды);

- командалық жұмыс және қатысушылардың жеке үлесі (басымды);

- жобаның рәсімделу сапасы және ұсынылуы.

Слайдқа қойылатын талаптар: презентациядағы слайдтар саны 20-дан аспауы тиіс. Әр слайдта тақырып, бейне (фото, сурет, сызба және т.б.) және мәтін болуы қажет.Титулдық бетте келесі мәліметтер көрсетіледі: номинация атауы, қатысушының тегі мен аты, жасы, e-mail, қатысушы жетекшісінің толық аты-жөні, білім беру ұйымының толық атауы, облыс, қала, аудан, ауыл.

Жобаны қорғау барысында авторға 7 минут беріледі.

Жобаны қорғаудан кейін қазылар алқасының әрбір мүшесі бағалау парағын толтырып, байқау жұмыстарының бағалау өлшемдеріне сәйкес әр параметр бойынша балл қояды.

Слетке бұрын қатысқан жұмыстар қатысуға жіберілмейді.

3. «Туристік кедергілер жолағы» номинациясы – бес кезеңнен тұратын туристік кедергілер жолағын өтуді көздейтін байқау:

1. Аспалы өткел орнату – қатысушылар бастапқы жағадан командалық периланы (өткелді) орнатады, содан кейін арқан арқылы қарсы жағына өтеді және периланы алып тастайды. Мәре – барлық қатысушылар мен жабдықтар мақсатты жағалауда болуы керек.

2. Параллель таяныштар – бірінші қатысушы төрешілер таянышы арқылы өтеді. Қалған қатысушылар үшін жоғарғы командалық таянышты арқан ұйымдастырылады. Өткеннен кейін командалық арқанды түсіру қажет.

3. Маятник – қатысушылар маятник (командалық) ұйымдастырады, маятниктің көмегімен қарсы жаққа өтеді. Кезең аяқталған соң командалық арқанды түсіру қажет.

4. Алғашқы медициналық көмек (АМК) – қатысушылар зардап шеккен адамға АМК көрсетіп, оны көрсетілген жерге тасымалдауы тиіс. Қатысушылардың бірі – шартты зардап шегуші (жеребемен анықталады), ал қалғандары келесі жарақат түрлеріне көмек көрсетеді: сүйек сынуы, соғылу, шығулар; термиялық – күйік пен үсік, химиялық күйік, жәндік шағуы. Қатысушылар қатты зембіл байлап, зардап шегушіні тасымалдайды.

5. Өрмелеу арқылы көтерілу, тік еңісті арқан өткелімен түсу – қатысушылар жартасты қабырғаға (скалодром) өрмелеп шығады, содан кейін төрешілер орнатқан тік еңісті таяныштарымен жоғары командалық сақтандыру мен өзін-өзі тежеуді ұйымдастыру арқылы төмен түседі.

Команда құрамы: 4 адам (3 ұл және 1 қыз).

Қашықтықтардың сызбалары, сипаттамасы және шарттары қосымша жіберіледі.

Бағалау өлшемдері:

- кедергілер жолағының барлық элементтерінен өтуде техникалық тәсілдерді сапалы орындау;

- жолақты өту уақыты (басымды);

- техникалық талаптарға сәйкестік ( басымды).

Бас төрешілер алқасы (БТA) қажет болған жағдайда Слеттің бағдарламасын немесе жекелеген қашықтықтардың не олардың кезеңдерінің өткізу шарттарын өзгертуге құқылы.

4. «Спорттық бағдарлау» номинациясы – жарыстар Қазақстан Республикасының спорттық бағдарлау ережелеріне сәйкес, белгіленген бағыттағы қашықтықта (орта қашықтық және спринт) жеке біріншілік форматында өткізіледі. Қозғалу тәсілі – жүгіру. Команда құрамы – 2 қатысушы (1 ұл + 1 қыз).

Қашықтықтардың сызбалары, сипаттамасы және шарттары қосымша жіберіледі.

Жарыс нәтижелері қашықтықты дұрыс белгі қоюмен ең қысқа уақытта өткені бойынша анықталады. Қажетті жабдықтар: жеке компас, сағат, карта мен бақылау карточкасын суланудан қорғайтын құралдар.

Бағалау өлшемдері:

- қашықтықты өту уақыты;

- бақылау пунктерін (БП) дұрыс өтуі (басымды).

Бас төрешілер алқасы (БТA) қажет болған жағдайда Слеттің бағдарламасын немесе жекелеген қашықтықтардың не олардың кезеңдерінің өткізу шарттарын өзгертуге құқылы.

5. «Туристік әндер байқауы» номинациясы. Шығармашылық нөмірдің ұзақтығы – 5 минуттан аспауы тиіс.

Әр өңір бір нөмір ұсынады (1 қатысушы). Негізгі музыкалық аспап –   гитара.

Театрландыру және сахналандыру элементтеріне рұқсат етіледі. Фонограмма қолдануға болмайды.

Байқауға команда бұрын ұсынған шығармалар, сондай-ақ бейәдеп сөздер қамтылған, қорлайтын сипаттағы, адам қадір-қасиетін төмендететін немесе діни не ұлттық араздық тудыратын шығармалар қабылданбайды.

Бағалау өлшемдері:

- туристік ән жанрына сәйкестігі;

- сахналық мәдениеті;

- вокалдық мүмкіндіктері (басымды);

- орындаушылық шеберлігі (басымды );

- көрерменмен байланыс;

- орындаудың көркемдігі мен эмоциялығы (басымды);

- орындаушының сыртқы келбеті.

5.Слеттің қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау

5.1. Кәсіби қазылар алқасы Слетті бағалау критерийлеріне сәйкес конкурстық жұмыстарды бағалайды. Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен ресімделеді.

5.2. Слет қорытындысы бойынша қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушыларға Слетке қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.

5.3.Ең көп ұпай жинаған номинациялар бойынша жеңімпаздар «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының республикалық слетіне қатысады.

Анықтама телефоны:8 (7232) 75-26-91.

6. Слетті қаржыландыру

6.1. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.

6.2. Слеттің аудандық/қалалық кезеңін жергілікті атқарушы органдар қаржыландырады.

6.3. Слет қатысушыларының оны өткізу орнына, өткізу кезінде және кері қайту жолындағы жол жүруі мен тамақтануына ақы төлеу жіберуші тараптың қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Жетекшінің іссапар ақысы жіберуші тараптың есебінен төленеді.