2026 жылғы 14 сәуірдегі Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (МБЖОРСМ) базасында үстел теннисінен 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.
Ойын ҚР Үстел теннисі федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес өткізілді.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:
І орын – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ;
ІІ орын – «Амангелді орта мектебі» КММ, Самар ауданы;
ІІІ орын – «О. Бөкей атындағы №44 лицей» КММ, Өскемен қаласы.
Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!