+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
13 Сәу, 16:24

2026 жылдың 10 сәуірінде Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан  ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Zеrdeli» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты - математика пәні бойынша оқушылардың қызығушылығын қалыптастыру, жаратылыстану ғылымына баулу.

Олимпиадаға 3-4 сыныптардың 150-ге жуық оқушысы - аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша - 61 қатысушы жүлделі орындарға ие болды (I орын - 14, II орын - 20, III орын - 27 оқушы, грамота - 20 оқушы).

Олимпиада жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады және барлық қатысушыларға «Zеrdeli» ақыл-ой дамыту мектебінің сертификаттары   табысталады.

Жеңімпаздар тізімі https://altynsaqa.online/register-manager порталында орналасқан.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!