+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсының қорытындысы
13 Сәу, 08:22

Облысымыздың жас зерттеушілері 2026 жылдың 8-12 сәуір аралығында Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық конкурсына қатысты.

Конкурстың мақсаты – дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау, ғылыми-зерттеу қызметіне қатысты балалардың және жасөспірімдердің қызығушылығын дамыту, отандық және әлемдік ғарыш жетістіктерін насихаттау, ғарыштық және ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру болып табылады.

Конкурс 3 бағыт бойынша өткізілді:

-.AEROO Satellite Launch Competition (ASLC) — наноспутниктерді жобалау, құрастыру және стратосфераға ұшыру;

- AEROO Space AI Competition — жасанды интеллект пен коммерциялық компонентті қолдана отырып, ғарыштық жобаларды әзірлеу;

           - «Күн жүйесі» AEROO Rocket Science Competition — су және модельдік зымырандарды жобалау, құрастыру және ұшыру.

Конкурстың қорытындысыбойынша облысымыздың қоржыны 4 жүлделі орынмен толықты.

ІI дәрежелі дипломмен:

Бақытбек Нұрасыл – Глубокое ауданы О. Бөкей атындағықазақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

Бекмұхамбет Әліби - Глубокое ауданы О. Бөкей атындағықазақ орта мектебінің 9 сынып оқушысы марапатталды. 

ІІІ дәрежелі дипломмен:

Жүнісбекова Перизат – Зайсан ауданы Кеңсай орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

Нұрланов Нұртас – Зайсан ауданы Ю. Гагарин атындағы орта мектебінің 8 сынып оқушысы марапатталды.

 

Жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!