Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеудің, тұлғаның үйлесімді дамуының факторы ретінде балалар мен жастар театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өзін-өзі көрсетуге, әлемді эстетикалық және бейнелі түсінуге бірегей қабілеттерді қалыптастыру және дамыту.
Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңдерінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің жеңімпазы болған театр ұжымдары қатысты.
Фестиваль-байқау 4 номинация бойынша өткізілді:
1) «Драмалық спектакль»;
2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, балет6 денс-спектакль және т.б.);
3) «Әдеби-музыкалық композиция»;
4) «Қуыршақ театры».
Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша 14 жеңімпаз анықталды: Бас жүлде-1, I орын - 2, II орын - 5, III орын - 6.
Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Жеңімпаздар тізімін www.shygysdaryn.kz сайтынан көруге болады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!