+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
10 Сәу, 16:53

2026 жылдың 10 сәуірінде экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.

Конкурс төрт бағыт бойынша өткізілді:

1-бағыт - «Туған өлке табиғаты»;

2 бағыт - «Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем»;

3 бағыт - «Үздік экологиялық бастама»;

4 бағыт - «Таза қала сізден басталады».

Конкурс қорытындысы бойынша 24 қатысушы жүлдегер атанды (I орын -5, II орын -7, III орын - 12 оқушы).

Конкурс жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, қатысушыларға сертификаттар табысталады.

Жеңімпаздар тізімі https://shygysdaryn.kz/сайтында орналасқан.

 

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!