Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп 2026 жылғы 10 сәуірде Өскемен қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жүзу бассейнінде әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша VIII облыстық турнирін өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтар арасында өмір сүру қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.
Турнирдің бағдарламасында төмендегідей жарыс түрлері қамтылды:
- Жабық бассейнде 25 метрге жүзу (жеке-командалық жарыстар);
- Аралас эстафета (командалық жарыстар).
Турнирге «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубтарынан және жас құтқарушылар клубтарынан командалар қатысты.
Облыстық турнир қорытындысы бойынша:
I орын - «Облыстық мамандандырылғанIT-мектеп-лицейі» КММ;
II орын - «Өскемен жоғары политехникалық колледжі» КММ;
III орын - Өскемен қаласы, «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ.
Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды, қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!