+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Оқушыларға арналған «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ПРАКТИКА: БОЛАШАҚ КӨКЖИЕКТЕРІ» II Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысы
08 Сәу, 20:05

2026 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 24 қазандағы №317 бұйрығымен бекітілген балалардың ғылымға қызығушылығын ерте жастан арттыру бағдарламасын іске асыру аясында оқушыларға арналған «Ғылым және практика: болашақ көкжиектері» II Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті.

Конференцияның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының талантты, қабілетті, шығармашыл және бастамашыл білім алушыларын анықтау; жас зерттеушілер арасында ғылыми білім мен тәжірибе алмасу.

Іс-шараға облыстың қалалары мен аудандарынан 65 мектептен 200-ге жуық оқушы қатысты. Барлығы 159 зерттеу және шығармашылық жоба ұсынылды. Оқушылардың жұмыстары: математика, физика, химия, биология, география, жасанды интеллект, робототехника, ақпараттық технологиялар, бизнес, құқық, филология, тарих, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, мәдениет, өнер, спорт, алғашқы әскери дайындық сияқты сан алуан бағыттарды қамтыды.

Конференция қатысушылар үшін білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналды. Оқушылар С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың базасымен, мұражайымен, орталықтарымен және зертханаларымен танысып, секция сарапшыларын - университеттің жетекші оқытушыларынан зерттеу жұмыстары бойынша рецензиялар, пікірлер мен ұсыныстар алды.

Пленарлық мәжіліс барысында Беларусь Республикасы Білім министрлігінің Республикалық экология және өлкетану орталығының директоры Е.В. Онуфрович, Қырғыз Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие және мектептен тыс білім беру бөлімінің бас маманы М.Т. Мамытова, С. Аманжолов атындағы ШҚУ ректоры М.Ә. Төлеген;ШҚО Білім басқармасы басшысының орынбасары Б.Ж. Қозыбаева, ДпҚББД ШҚҒӘ «Дарын» орталығының директоры Г.Б. Рахимжанова сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жолдады, сондай-ақ С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары мен студенттері өз баяндамаларымен бөлісті.

Өткізілген конференция мектеп оқушыларының жаңа ашылуларға дайын, белсенді және шығармашыл тұлға екендігін көрсетті. Олардың идеялары мен жобалары – ғылым «Шыңына» жасалған қадам және қоғамның дамуына қосылған үлес.

Конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың барлық баяндамалары жинаққа енгізіліп, жарыққа шығады.