+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы
07 Сәу, 16:56

2026 жылдың 3 мен 7 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Тараз қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың Қазақстан тарихы, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тіліпәндерінен қатысты.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері - оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен:

Марат Ахмед - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

Нұрзат Азамат - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп- гимназия-интернатының 11 сынып оқушысы Мырзабек Айназ (қазақ тілі мен әдебиеті) марапатталды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

Сайранов Дінмұхаммед - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (Қазақстан тарихы);

Тургунова Мавлудахон - Өскемен қаласындағы№24 орта мектебінің 11 сынып оқушысы (орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі) марапатталды.

Олимпиадаға қатысушылар үшін психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!