+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
«Қазақстанның жас жазушысы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
07 Сәу, 08:23

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қашықтық форматта «Қазақстанның жас жазушысы» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді.

Байқаудың мақсаты – мемлекет Басшысының қоғамда оқу мәдениетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру, балалар мен жасөспірімдер арасында оқуға және әдеби шығармашылыққа тұрақты қызығушылық қалыптастыру, оқушылардың сауаттылық деңгейін және оқырмандық мәдениетін арттыру.

Байқауға облыстың жалпы орта және облыстық білім беру мекемелерінен 14-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты.

Байқау ақын Олжас Сүлейменовтің әдеби шығармашылығымен қоғамдық-саяси қызметі туралы қазақ және орыс тілдерінде эссе жазу бойынша өткізілді.

Байқау қорытындысы бойынша дипломдармен: І орын – 2, ІІ орын – 3, ІІІ орын – 11 қатысушы марапатталады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға
шығармашылық шабыт пен табыс тілейміз!