2026 жылғы 19 мен 31 наурызы аралығында Астана қаласында «Edlight Academy» базасында Қазақ тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі пәндері бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты - облыстың олимпиадалық резерв мүшелерін республикалық олимпиадаға дайындау, олимпиадалық тапсырмаларды орындау бойынша тренинг жүргізу және қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша практикум орындау.
Бағдарламада пәндер бойынша сабақтар мен емтихандарды талдау, сондай-ақ қатысушылардың өзін-өзі дайындауы және бос уақытты өткізу шаралары бар.
Оқу-жаттығу жиындарының сабақтарын республиканың үздік жаттықтырушылары жүргізді, олар республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған, сондай-ақ өткен жылдардағы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері жүргізді.
Оқу-жаттығу жиыны кезінде қатысушылар олимпиадалық тапсырмаларды орындап, өз білімдерін, дағдыларын бекітті. Оқушылар үшін алда жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада күтілуде.
Олимпиаданың ақтық кезеңіне қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тілейміз!