2026 жылдың 26-27 наурыз күндері Шығыс Қазақстан облысының 9-10 сынып оқушылары Абай облысы Семей қаласында өткен химия және биология пәндерінен Жәкула Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиадаға қатысты.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.
Олимпиада қорытындысы бойынша 15 қатысушы жүлдегер атанды (I орын - 2, II орын - 4, III орын - 9 оқушы).
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!