+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
2-4 cынып оқушыларына арналған «Бастау» XІХ республикалық математикалық олимпиадасының қорытындысы
30 Нау, 16:32

2026 жылғы 24-28 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Алматы қаласында өткен 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XІХ республикалық математикалық олимпиадасына қатысты.

Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының математика бойынша білімін айқындау, қолдау және тереңдету.

Олимпиада 3 айналымнан тұрды:

1 - айналым «Әу, баста!» (командалық сынақ);

2 - айналым «Көкпар» (командалық сынақ);

3 - айналым «Математикалық бәйге» (жеке сынақ).

Олимпиаданың қорытындысы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ІІІ дәрежелі дипломмен:

  • Камбалин Илья -  Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешенінің 3 сынып оқушысы;

  • Айтмұрза Айша - Дарынды балаларға арналған валеологиялық мектеп-кешенінің 4 сынып оқушысы марапатталды.

Олимпиада жүлдегерлерін қатысушыларын, олардың ата-аналары мен мұғалімдерін құттықтаймыз! Жоғары жетістіктер мен табыстар тілейміз!