+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Кеңес Одағының Батыры Т. Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыстан облыстық турнирдің қорытындысы
27 Нау, 17:28

2026 жылғы 27 наурызда жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді күшейту, өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі филиалының аумағында Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнир өткізілді.

Жарысқа облыстық оқу орындары мен облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 10-11 сынып әскери-патриоттық спорт клубтарының курсанттары, бастапқы әскери және технологиялық дайындық курсынан өтіп жатқан колледждердің 1-2 курс студенттерінен 13 команда қатысты.

Көпсайыс келесі номинациялар бойынша өткізілді: саптық байқау, АК-74 шашу және жинау, газтұмылдырықты кию бойынша нормативті орындау, ЖҚК кию бойынша нормативті орындау, турникте тартылу, орыннан ұзындыққа секіру, АК магазинін патрондармен оқтау.

Жалпы командалық есепте жүлделі орындарға келесі командалар ие болды:

1 орын – Риддер қаласы, «Сұңқар» командасы;

2 орын – Глубокоеауданы, «Жас Сарбаз» командасы;

3 орын – Өскемен жоғары политехникалық колледжі, «Барыс» командасы.

I, II және III орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.

Турнирдің жабылуы ҚР ҚМ әскери-техникалық мектебі, С. Аманжолов атындағы ШҚУ әскери кафедрасы, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ әскери кафедрасы өкілдерінің қатысуымен өтті.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға шығармашылық жоспарлар, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!