+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Биология және физика пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы
26 Нау, 09:00

2026 жылғы 21-25 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Астана қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың биология және физика пәндерінен қатысты.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері - оқушының жеке тұлға ретінде өзін-өзі қалыптастыруда шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен тәжірибелік дағдыларын тереңдетуін жүзеге асыруына ықпал ету, дарынды балаларды анықтауға жағдай жасау.

Олимпиаданың қорытынды кезеңіне облыстық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.

Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І дәрежелі дипломмен және алтын медальмен Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация»лицейінің 11 сынып оқушысы Мұқашев Дарын (биология) марапатталды.

ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен:

Оралғазы Алидар - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (физика);

Сайлаубек Нурислам - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (биология) марапатталды.

ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен:

Сембаев Максат - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 9 сынып оқушысы (биология);

Жеңіс Мирас - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация»лицейінің 9 сынып оқушысы (физика);

Кызырбеков Тамерлан -  Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (физика);

Құдайберген Темирлан - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (физика);

Уатхан Қаршыға - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация»лицейінің 11 сынып оқушысы (биология) марапатталды.

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен:

Сатбаев Али - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (физика);

Қабдыкәрім Әли - Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (биология) марапатталды.

Олимпиадаға қатысушылар үшін психологиялық тренингтер, экскурсиялар ұйымдастырылды.

 

Республикалық олимпиаданың жүлдегерлері мен жеңімпаздарын, олардың ата-аналары мен ұстаздарын жеңістерімен құттықтаймыз!