2026 жылғы 22-24 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласында Б. Александров атындағы спорт сарайында Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар және жасөспірімдер командалары арасындағы шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі (бұдан әрі – Турнир) өтті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер атағы үшін 2015-2016 жылы туған оқушылардың 10 командасы бақ сынасты.
Турнир қорытындысы бойынша адал және ымырасыз күресте облыстың ең мықты балалар мен жасөспірімдер командалары анықталды:
І орын – Өскемен қ. командасы;
ІІ орын – Риддер қ. командасы;
ІІІ орын – Ұлан ауданының командасы.
Номинация бойынша:
«Үздік қақпашы» - Глубокое ауданы, «Ы.Алтынсарин атындағы Глубокое орта мектебі» КММ-нің 4 сынып оқушысы Мержакып Алихан;
«Үздік шабуылшы» - Өскемен қаласы, «Исток» жеке меншік жалпы оқу мектебі» мекемесінің 4 сынып оқушысы Татаринов Мирон;
«Үздік қорғаушы» - Риддер қаласы, «№12 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің 5 сынып оқушысы Логунов Алексей;
«Үздік ойыншы» - Ұлан ауданы, «Привольный мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ-нің 3 сынып оқушысы Гаджиев Глеб марапатталды.
Барлық номинация иегерлеріне бағалы сыйлықтар табысталды.
Жүлделі орынға ие болған командалар естелік кубоктармен, дипломдармен және 200 000, 300 000 және 500 000 тенге мөлшеріндегі ақшалай сертификаттармен марапатталды, ал ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталды.
Спортшыларды жеңісімен құттықтаймыз! Одан әрі табыстар мен жетістіктер тілейміз!