+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан «Теңбіл доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
20 Нау, 18:07

2026 жылғы 16-19 наурыз күндері Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары (қыздар, ұлдар) арасында футзалдан «Теңбіл доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.

Іс-шараға қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары, облыстық мектептерден, 9 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

 Қыздар арасында:

1 орын  –  Ұлан ауданы, «Таврия орта мектебі» КММ-нің командасы;

2 орын – «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейі» КММ-нің командасы;

3 орын - Өскемен қаласы, «№27 орта мектебі» КММ-нің командасы.

Ұлдар арасында:

1 орын – Өскемен қаласы, «№ 40 орта мектебі» КММ-нің командасы;

2 орын – Глубокое ауданы, «Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебі» КММ-нің командасы;

3 орын – Ұлан ауданы, «М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ-нің командасы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!