+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
20 Нау, 18:05

2026 жылғы 17 наурызда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (МБЖОРСМ) базасында үстел теннисінен 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты - оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту.

Ойын ҚР Үстел теннисі федерациясы бекіткен ережелерге сәйкес өткізілді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

І орын – «О. Бөкей атындағы №44 лицей» КММ, Өскемен қаласы;

ІІ орын – «Тұрғысын орта мектебі» КММ, Алтай ауданы;

ІІІ орын – «Малоубинка орта мектебі» КММ, Глубокое ауданы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!