+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
9-11 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикадан Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
20 Нау, 18:00

2026 жылғы 16-17 наурыз күндері Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары (қыздар, ұлдар) арасында жеңіл атлетикадан Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.

Іс-шараға қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары, облыстық мектептерден, 8 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

Қыздар арасында:

1 орын  – Ұлан ауданы, «Таврия орта мектебі» КММ-нің командасы;  

2 орын – Алтай ауданы «Алтай қаласының № 6 орта мектебі» КММ-нің командасы;

3 орын - Өскемен қаласы, «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің командасы.

Ұлдар арасында:

1 орын  – Ұлан ауданы, «Таврия орта мектебі» КММ-нің командасы;  

2 орын – Өскемен қаласы, «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің командасы;

3 орын – Алтай ауданы «Алтай қаласының № 6 орта мектебі» КММ-нің командасы.

 

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!