+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
20 Нау, 17:53

2026 жылғы 16-19 наурыз күндері Өскемен қаласында 7-8 сынып оқушылары (қыздар, ұлдар) арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.

Іс-шараға қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары, облыстық мектептерден, 17 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

Қыздар арасында:

1 орын  –  Самар ауданы, «№1 Самар орта мектебі» КММ-нің командасы;

2 орын – Зайсан ауданы, «Х. Мустафина атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің командасы;

3 орын – Алтай ауданы, «№ 2 Жаңа Бұқтырма орта мектебі» КММ-нің командасы.

Ұлдар арасында:

1 орын – Күршім ауданы, «Н.Островский атындағы №4 Күршім орта мектебі» КММ-нің командасы;

2 орын – Өскемен қаласы, «№49 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің командасы;

3 орын – Самар ауданы, «Мектеп-бөбекжай-балабақша кешені» КММ-нің командасы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!