Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.
Байқаудың мақсаты: дарынды балаларды анықтауға және қолдауға бағытталған балалар мен жастардың бастамаларын дамытуға ықпал ету, үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру, Қазақстан азаматын базалық ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, балаларды қосымша біліммен қамту.
Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық (қалалық) кезеңдердің жеңімпазы болған 47 оқушы қатысты.
Байқаудың қорытындысы бойынша 28 жеңімпаз анықталды: I орын - 8, II орын - 12, III орын - 8.
Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға шығармашылық шабыт пен сәттілік тілейміз!