+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Физика, биология, химия пәндері бойынша республикалық олимпиадаға қатысушыларға арналған оқу-жаттығу жиынының қорытындысы
20 Нау, 14:06

2026 жылғы 9 мен 20 наурызы аралығында Астана қаласында «Edlight Academy» базасында физика, биология, химия пәндері бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты - облыстың олимпиадалық резерв мүшелерін республикалық олимпиадаға дайындау, олимпиадалық есептерді шешу бойынша тренинг жүргізу және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша практикум орындау.

Бағдарламада пәндер бойынша сабақтар мен емтихандарды талдау, сондай-ақ қатысушылардың өзін-өзі дайындауы және бос уақытты өткізу шаралары бар.

Оқу-жаттығу жиындарының сабақтарын республиканың үздік жаттықтырушылары жүргізді, олар республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған, сондай-ақ өткен жылдардағы республикалық және халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері жүргізді.

Оқу-жаттығу жиыны кезінде қатысушылар олимпиадалық тапсырмаларды шешіп, өз білімдерін, дағдыларын бекітті.  Оқушылар үшін алда жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада күтілуде.

 

Олимпиаданың ақтық кезеңіне қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тілейміз!