+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
20 Нау, 14:00

Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес2026 жылғы 18 наурызда «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

Байқаудың мақсаты – білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.

Фестиваль-байқауға облыстың жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің білім алушылары қатысты.

Байқау 2 номинация бойынша өткізілді:

1. Халық биі және халықтық стильденген би;

2. Заманауи би.

Фестиваль-байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындарды иеленгендер:

- І орын – «Ақтолқын» би тобы, «Балалар шығармашылық үйі» КМҚК, Марқакөл ауданы;

- ІІ орын – «Подснежник» би тобы, «Жұлдыз» балалар өнер мектебі» КМҚК, Өскемен қаласы;

- ІІ орын – «Ақжар саз-Еркеназ» би тобы, «Ақжар балалар саз мектебі» КММ, Тарбағатай ауданы;

- ІІІ орын – «Жауқазын» би тобы, «Балалар музыка мектебі» КМҚК, Зайсан ауданы.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілетін болады.

Облыстық кезеңнің жеңімпаздары фестиваль-байқаудың республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.

Дарынды жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!