Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылғы 22 сәуір күні «Абай оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілетіндігін хабарлайды.
Осыған орай, қалалық, аудандық білім бөлімдері және облыстық мамандандырылған мектептерінің басшыларының қолы қойылған ережеге сәйкес өтінімдерді konkurs.vko@mail.ru электрондық поштасына 2026 жылдың 17 сәуіріне дейін жіберулеріңізді сұрайды.
Байқаудың өткізілу орындары туралы ақпарат қосымша хабарланады.
Қосымша ақпаратты 8(7232)75-26-91 нөмірінен алуға болады.