І. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Көктем дауысы» облыстық вокалистер байқаудың (бұдан әрі – Байқау) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді, өткізу және қаржыландыру, қатысу, жеңімпаздары мен жүлдегерлерін айқындау тәртібін анықтайды.
2. Байқауды ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы».
3. Байқаудың мақсаты: вокал шығармашылығында дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, қосымша музыкалық білім беру мекемелерінде оқушыларды қамтуды арттыру.
4. Байқаудың міндеттері:
- оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, әншілік дағдыларын іске асыру үшін жағдай жасау;
- балаларды музыкалық мәдениетке баулу;
- орындаушылық шеберлікті арттыру;
- жас вокалистердің музыкалық шығармашылығын насихаттау;
-.оқушылардың музыкалық және жалпы мәдени құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру.
ІІ. Байқаудың Ұйымдастыру комитеті
5. Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
6. Ұйымдастыру комитеті:
- байқауды өткізудің жалпы тәртібін айқындайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- байқауға қатысу үшін өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
- байқаудың қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- байқау жұмысын бағалау критерийлерін анықтайды;
- қорытындыларды талдайды және жинақтайды.
7..Байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың өнерін бағалайды, қорытындылайды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
8. Қазылар алқасы келесі критерийлер негізінде бағалауды жүзеге асырады:
1) вокалдық шеберлік және орындау техникасы - орындаудың тазалығы, интонацияның тазалығы, дауыс диапазоны, техниканың осы жанрына тән стильге сәйкестігі, репертуардың күрделілігі, өзіндік ерекшелігі ,маақ сезімі, микрофонды пайдалана білу, репертуардың жас санаты мен Орындаушының мүмкіндіктеріне сәйкестігі);
2).орындаушылық шеберлігі — презентация, көрерменмен байланыс, орындалатын шығарманы ұсына білу, қосымша мәнерлі құралдар (қосалқы би және т.б.);
3) сахналық образ-өзін-өзі көрсету, киім үлгісі, деректеме, макияж.
ІІІ. Байқауға қатысушылар
9. Байқауға Шығыс Қазақстан облысының жалпы орта және қосымша білім алушылары келесі жас санаттары бойынша қатысады:
1) кіші жас тобы: 6-9 жас;
2) орта жас тобы: 10-13 жас;
3) жоғарғы жас тобы: 14-17 жас.
ІV. Байқауды өткізудің шарттары мен тәртібі
10. Байқау мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
- эстрадалық вокал (соло, дуэт, трио, квартет);
- халық вокалы (соло, дуэт, трио, квартет).
11. Репертуар орындаушының жас санатына сәйкес келуі керек.
12. Бағдарламаға қатысушы мәлімдеген туындыларды ауыстыру конкурс басталғанға дейін 3 күннен кешіктірілмей мүмкін болады.
13. Шығарма тірі сүйемелдеумен немесе минус фонограмманың сүйемелдеуімен орындалады.
14. Музыкалық сүйемелдеу шығарманың атауы, ауданы/қаласы, орындаушының аты-жөні көрсетілген флэш-тасығышта жазылуы тиіс. Байқауды бастамас бұрын оны модераторларға ұсыну қажет.
15. Бір ән айтуға арналған уақыт 5 минуттан аспайды.
V. Байқауды ұйымдастырудың шарттары мен тәртібі
16. Өткізу күні: 2026 жылдың сәуір айының III онкүндігінде. Өткізілу уақыты мен орыны қосымша хабарланады.
17. Байқауға барлық ниет білдірушілер алдын ала іріктеусіз қатыса алады.
18. Байқауға қатысу үшін 2026 жылғы 16 сәуірге дейін жалпы орта немесе қосымша білім беру ұйымы басшысының қолы қойылған өтінімді мына мекенжай бойынша (1-қосымша) нысан бойынша ұсыну қажет: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21; тел: 8/7232/ 75-26-91, е-mail: konkurs.vko@mail.ru «Көктем дауысы» деп белгіленген.
19. Байқауға қатысу ерікті болып табылады, тәрбиеленушілер мен оқушыларды олардың қалауына қарсы конкурсқа қатысуға тартуға тыйым салынады. Конкурсқа қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері) қабылдайды.
20. Демеушілердің, меценаттардың, әлеуметтік серіктестердің, білім беру мекемелерінің қаражаты есебінен бір қатысушының бір сөйлеген сөзі үшін (Банктер комиссиясын есептемегенде) 5000 теңге ұйымдастыру жарнасы. Төлемді қосымшалар арқылы және терминалдарда: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (ШҚ ҒӘО «Дарын»), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), «Банк ЦентрКредит» АҚ ғылыми-әдістемелік дамыту орталығы «Дарын») арқылы жүргізуге болады.
21. Ұйымдастыру жарнасын төлеу туралы түбіртектің сканерленген нұсқасын жіберу міндетті шарт: (ұйымдастыру жарнасынсыз өтінімдер қабылданбайды) (Қосымша 2).
22. Байқауға қатысушылар бірнеше номинацияларға қатыса алады. Әрбір жаңа қатысу жеке төленеді және жаңа өтініммен ресімделеді.
23. Байқауды өткізу кезінде мынадай талаптарды сақтау қажет:
- Байқауға қатысушыларды сахнаға ұйымдастыру комитетінің модераторлары қойылымға дейін кемінде 2 (екі) нөмір бұрын шақырады.
- әр ұжым белгіленген уақытта келеді.
- Байқауды өткізу барысында сахнада да, залда да мінез-құлық мәдениетін сақтау қажет.
VI. Байқау қорытындысын шығару және қатысушыларды марапаттау
24 .Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Қазылар алқасының құрамына: вокал бойынша педагогтар, вокалистер – халықаралық және республикалық вокал бойынша конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіреді.
25. Байқау жеңімпаздары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады (қатысушыны конкурсқа дайындаған басшының/мұғалімнің т.а. ә. көрсете отырып). Барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталады.
26..Марапаттау рәсіміне қатысушы-солистер мен ұжымдар концерттік костюмдермен қатысады.
Анықтама телефоны: 8 (7232) 75-26-91.
VII. Байқауды қаржыландыру
27. Байқауды ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы бекітілген сметаға сәйкес қаржыландырады.