Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 26 ақпанда «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының облыстық кезеңі қашықтық форматта өткізілді.
Форумның мақсаты - Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту, балаларды қосымша біліммен қамту.
Форумға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты. Форумға қатысушылардың жас мөлшері 11-17 жас.
Форум 4 номинация бойынша өткізілді:
1) «Мен таңдаған мамандық»– презентациялар байқауы;
3) «Болашақ мамандығы» – шығармашылық жұмыстар байқауы;
4)«Біздің отбасымыздағы мамандықтар» - бейнероликтер мен фотоәңгімелер байқауы;
5) «Жас мобилограф» – бейнероликтер мен бейнесюжеттер байқауы.
Форумның қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды: бас жүлде - 9, I орын – 12, II орын – 14, III орын – 16. Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар табысталады.
Жеңімпаздар форумның республикалық кезеңіне Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!