+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Математика, информатика, география пәндері бойынша республикалық олимпиадаға қатысушыларға арналған оқу-жаттығу жиынының қорытындысы
11 Нау, 13:11

2026 жылғы  24 ақпаны мен 7 наурызы аралығында Астана қаласында «Edlight Academy» базасында математика, информатика, география пәндері бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиыны өткізілді.

Оқу-жаттығу жиынының негізгі мақсаты - облыстың олимпиадалық резерв мүшелерін республикалық олимпиадаға дайындау, олимпиадалық есептерді шешу бойынша тренинг жүргізу және жаратылыстану-математикалық пәндер бойынша практикум орындау.

Бағдарламада пәндер бойынша сабақтар мен емтихандарды талдау, сондай-ақ қатысушылардың өзін-өзі дайындауы және бос уақытты өткізу шаралары бар.

Оқу-жаттығу жиыны кезінде даярлықты республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше мәрте жеңімпаздары мен жүлдегерлерін дайындаған республиканың үздік жаттықтырушылары, өткен жылдардағы республикалық, халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлері жүргізді.

Оқу-жаттығу жиыны кезінде қатысушылар олимпиадалық тапсырмаларды шешіп, өз білімдерін, дағдыларын бекітті.  Оқушылар үшін алда жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиада күтілуде.

 

Олимпиаданың ақтық кезеңіне қатысушыларға сәттілік пен жеңістер тілейміз!