+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының Абай ауданындағы семинарға қатысу қорытындысы туралы
25 Ақп, 12:18

2013 жылы 22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының аудандардағы білім күндері аясында өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Абай ауданында «Жас таланттар» секциясын жүргізді.  Оның жұмысына СМПИ-дің ғалымдары:п.ғ.д., профессор Б.А. Мукушев (физика), п.ғ.к. Д.Р. Онтагарова (химия)қатысты. Математика, оқушылармен ғылыми жұмысты ұйымдастыру  секциясының модераторлары Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын мектептің мұғалімдері  Ж.Н. Дүрмекбаева, Т.С. Шайхынова болды.

Семинардың бағдарламасына сәйкес оқытушылар Абай ауданының педагогтары мен ауданның олимпиада резервтері мектебінің  оқушыларымен пәндік лабораториялар, шеберлік сабақтары, ғылыми кеңестер жүргізді. Сондай-ақ пәндер бойынша мини-олимпиадалар өткізіліп, соңында тапсырмаларды орындау жолы түсіндірілді. Олимпиада қорытындысы бойынша келесі оқушылар жүлдегер болды:

химиядан:

1 орын – Қарауыл гимназиясының 10-сынып оқушысы Қуатова Жанар;

2 орын – Абай атындағы МЛ 10-сынып оқушысы Айтмағанбетова Айдана;

3 орын – Абай атындағы МЛ 10-сынып оқушысы Рамазан Әлібек.

математикадан:

1 орын– Қарауыл гимназиясының 10-сынып оқушысы Әкімбергенова Айгерім;

2 орын – Абай атындағы МЛ 11-сынып оқушысы Бимуратов Айдос;

3 орын – Қарауыл гимназиясының 11-сынып оқушысы Оразалин Нұржан.

физикадан:

1 орын – Қарауыл гимназиясының 11-сынып оқушысы Берікхан Қайыржан;

2 орын – Абай атындағы МЛ 11-сынып оқушысы Мейранбекова Гүлім;

3 орын – Абай атындағы МЛ 11-сынып оқушысы Исаинов Бауыржан.

Семинар барысында Семей қаласындағы Шәкәрім атындағы облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын мектептің психологы М.К.Оразбаева Абай ауданының жалпы білім беретін мектептерінің психологтарымен дарынды балалармен жұмыстың негізгі аспектілерін зерделеу бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Семинарға қатысушылар үшін оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. Семинар соңында ауданның жалпы білім беретін мектептерінің, Ж. Карменов атындағы саз мектебінің, «Ақсұңқар» ақындар мектебінің дарынды оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама қойылды.