- Жалпы ережелер
1. Осы ереже Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери – қолданбалы көпсайыс облыстық турнирін (бұдан әрі - Турнир) өткізуді және қаржыландыруды, мақсаты мен міндеттерін, қатысу және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін айқындау тәртібін анықтайды.
2. Ұйымдастырушылар Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі -ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын»), ШҚО қорғаныс істері департаменті, ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі, ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, Шығыс Қазақстан облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті болып табылады.
3. Турнирдің мақсаттары мен міндеттері
- Ұлы Отан соғысына қатысқан шығысқазақстандық батырлардың есімін мәңгі есте қалдыру;
- студент және оқушы жастарға патриоттық тәрбие беру, әскери қызметтін
беделін арттыру және өскелең ұрпақ арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерін
насихаттау;
- әскери іс негізінде білімдері мен дағдыларын бекіту;
- жастарды физикалық дайындыққа тарту, мақсат – сол дайындықты әскери қызметті өтеу кезінде қолдану;
- моральдық-психологиялық қасиеттерге, тәртіптілікке, өзара көмек және жолдастық қолдау көрсету сезімдеріне тәрбиелеу.
2. Турнирді өткізуге басшылық ету
4. Турнирді өткізу дәне дайындауға басшылық жасау ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына, ШҚО қорғаныс істері департаментіне, ҚР ҚМ ӘТМ жүктеледі.
5. Турнирді өткізу үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
Ұйымдастыру комитеті:
- жарыстарға қатысуға алдын ала өтінімдер қабылдайды;
- кестеге сәйкес жарыстарды өткізу күндерін анықтайды;
- кестеде көрсетілген мерзімнен бір ай бұрын жарыстарды өткізу күнін өзгертуге құқығы бар;
- командалар мен қатысушыларды жарыстарға жіберу рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссия құрады;
- облыстық ойынның бас төрешілер алқасының, спорт түрлері бойынша төрешілер алқасының құрамын бекітеді;
- жарысқа қатысушылардың құқықтарының сақталуын қамтамасыз етеді;
- облыстық ойын жарыстарының кезеңдерін өткізу туралы есеп жасайды.
3. Өтетін уақыты және орны
6. Турнир 2026 жылы 27 наурызда Өскемен қаласында, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебі (бұдан әрі – ҚР ҚМ ӘТМ) филиалының аумағында, Промышленная көшесі, 2 В өткізіледі.
Мандаттық комиссия 8.30-9.30 уақыт аралығында ҚР ҚМ ӘТМ аумағында өткізіледі.
Облыстық ойынның салтанатты ашылуы сағат 09.00-де ҚР ҚМ ӘТМ аумағында өтеді.
7. Қатысуға өтінім (1 қосымша) облыстық мектептер мен колледж директорларының, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің басшыларының қолымен 2026 жылғы 13 наурызға дейін or-vpv@mail.ru электронды поштасына қабылданады, тел. 8 (7232) 70-26-74.
4. Турнирге қатысушылар
8. Сайыстарға колледжердің 1-2 курс студенттері (ұлдар), алғашқы әскери дайындық курстарын өтіп жүрген облыстық оқу орындарының 10-11 сыныпоқушылары қатысады. Команда құрамы - 7 қатысушы.
9. Қатысушылардың киім формасы – камуфляжданған, бас киімде, белбеу, залға арналған спорттық аяқ киім. Әр қатысушының өзімен бірге толық жабдықталған газқағар болуы тиіс.
10. Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- облыстық әскери-қолданбалы көпсайыс турниріне қатысатын команда мүшесінің дені сау болуы, медициналық қарсы көрсетілімдері болмауы, қауіпсіздік техникасын сақтап білуі міндетті;
- өткізілетін сайыстар туралы ережені білуі және оларды қатаң сақтауы тиіс;
- Турнирге көрсетілген уақытта және белгіленген киім формасында келуі тиіс;
- өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс;
- қатысушыларға арналған орында болуы және Турнирге арналған тәртіпті сақтауы тиіс;
- төрешілердің нұсқауларын бұлжытпай орындауы тиіс;
- қарумен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтауы тиіс;
- төрешілерге тек жаттығуларды орындауға қатысты шұғыл мәселелер бойынша ғана тікелей жүгінуге болады. Барлық басқа жағдайларда төрешілер алқасына команда жетекшісі арқылы ауызша немесе жазбаша өтініммен жүгінуге болады.
11. Команда жетекшісі:
- қару мен оқ-дәрілердің сақталуына, команданың тәртібіне, команда мүшелерінің Турнир регламентінің реттілігін, белгіленген киім формасын, қауіпсіздік шараларының қамтамасыз етілуіне жауап береді;
- белгіленген мерзімде төрешілер алқасына Турнир ережесінде қарастырылған құжаттарды ұсынады.
12. Команда жетекшісіне:
- төрешілер жұмысына араласуға, сондай-ақ жекелеген қатысушыларды ауыстыру немесе оларды сайыстан алу туралы өз еркімен шешім қабылдауға тыйым салынады;
- Турнирді өткізу барысында қатысушыға облыстық турнирді өткізу ережесінде қарастырылмаған көмекті көрсетуге тыйым салынады.
5. Турнир кезеңдері
13. Турнир кезеңдері:
- саптық байқау – (барлық бөлімшелер қатысады);
- ММГ АК-74 шашу және жинау (2 қатысушы);
- газқағарды кию бойынша нормативті орындау (барлық бөлімшелер қатысады);
- ЖҚК кию бойынша нормативті орындау (2 қатысушы);
- турникте тартылу – (2 ұл қатысады);
- орыннан ұзындыққа секіру (барлық бөлімшелер қатысады);
-АК магазинін патрондармен оқтау(1 қатысушы).
Материалдық қамтамасыз ету:
- секундомер 4 дана;
- оқу патрондары бар АК магазині-2дана;
- ММГ АК-74 – 2 дана;
- әр қатысушыны газқағармен команда жетекшілері қамтамасыз етеді;
- ЖҚК-2 дана;
- рулетка.
6. Жеңімпаздарды анықтау
14. Сайыс қорытындысын төрешілер алқасы әрбір кезеңдерде төрешілер ұсынған Турнир нәтижелері негізінде шығарады. Жеңімпаздарды және жүлдегерлерді командалар Турнирдің әрбір кезеңінде жинаған ұпай сомасы бойынша анықтайды. (Жалпыкомандалық орын командалардың әрбір кезеңде алған орнының ең кем сомасы бойынша анықталады). Алынған ұпай саны бірдей болған кезде –жеңімпаз саптық байқау нәтижесі бойынша анықталады. Аталмыш көрсеткіш бойынша тең болған кезде – автоматты шашу және жинау нәтижелері бойынша.
Төрешілер алқасы және бағалау жүйесі
- нәтижелерді бағалау үшін төрешілер алқасы құрылады, оған Турнир кезеңдерінің төрешілері енеді;
- төрешілер алқасының құрамы қатысушыларға Турнир басталар алдында хабарланады;
- Турнирдің өтуі барысында тәртіп бұзғаны үшін команда Турнирден шеттетіледі, бұл туралы шешім төрешілер алқасының хаттамасымен рәсімделеді;
- сайыстың әр түрі бойынша жиынтық хаттамада ең үздік үш нәтиже көрсетіледі,қатысушының тегі мен аты жазылады.
7. Марапаттау
15. Жарыстың соңғы кезеңінде І, ІІ, ІІІ орын алған командалар естелік кубоктармен және дипломдармен, ойыншылар тиісті дәрежедегі медальдармен марапатталады.
8. Қаржыландыру
16. Іс-шараны қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын»орталығы жүзеге асырады.
17. Турнир аудандық, қалалық кезеңдерін аудандық, қалалық білім бөлімдері қаржыландырады.
18. Командаларды іссапарға жіберуге байланысты шығындарды (екі жаққа да жол жүру, тәуліктік жол жүру, жарыс кезінде тұру және тамақтану) іссапарға жіберген ұйымдары көтереді.