+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
А. Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған II республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі
Аягүл Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған II республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
05 Нау, 15:11

2026 жылдың 04 наурызында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері Аягүл Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған II республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

Олимпиаданың мақсаты - дарынды балаларды анықтау және қолдау, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын тереңдету, стандартты емес ойлау қабілетін дамыту және шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру.

Олимпиада қорытындысы бойынша 14 қатысушы жүлдегер атанды (I орын - 3, II орын - 4, III орын - 7 оқушы).

Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарына дипломдар, қатысушыларына сертификаттар табысталады.

Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!