Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылғы 4 наурыз күні Өскемен қаласында Ш. Уәлиханов атындағы № 3 мектеп-лицейі базасында «Заң және тәртіп» оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңін өткізді.
Турнирге облыстың жалпы орта және облыстық білім беру мекемелерінен жалпы саны 66 оқушы қатысты.
Турнир «қазақ лигасы», «орыс лигасы» және «ағылшын лигасы» санаттары бойынша өткізілді.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды:
Қазақ лигасы бойынша:
І орын – Өскемен қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, «Шың» командасы;
ІІ орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Adilet А» командасы;
ІІІ орын – Ұлан ауданы, М. Ломоносов атындағы орта мектебі, «Парасат» командасы.
Орыс лигасы бойынша:
І орын – Алтай ауданы, Алтай қаласының мектеп-лицейі, «Адал ұрпақ» командасы;
ІІ орын – Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі, «Ұшқыр ой» командасы;
ІІІ орын – Облыстық мамандандырылған ІТ-мектеп-лицейі, «Красная лига» командасы.
Ағылшын лигасы бойынша:
І орын – Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі, «The blessed» командасы;
ІІ орын – Өскемен қаласы, Ш. Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі, «Quick Minds» командасы;
ІІІ орын – Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Adilet В» командасы.
Жүлдегерлерге дипломдар табысталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.
Турнирде үздік қатысушылар қосымша «Үздік спикер», «Үздік оратор», «Үздік аналитик», «Ең конструктивті сөз», «Ребаттл шебері», «Импровизация шебері», «Тіл шебері» номинациялары бойынша дипломдармен марапатталды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары турнирдің республикалық кезеңінде Шығыс Қазақстан облысының атынан қатысады.