2026 жылдың 27 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектептерінде онлайн түрде облыстық «Смарт Сарбаз - 2026» компьютерлік таланттардың чемпионаты өтті.
Чемпионаттың мақсаты – «Жас Сарбаз» сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубы курсанттарының ақпараттық технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттері мен ғылыми-техникалық әлеуетін анықтау және дамыту болып табылады.
Іс-шараға «Жас Сарбаз» 1563 сыныбы оқушылары мен «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық спорт клубының курсанттары қатысты.
Чемпионат жаратылыстану ғылымдары, математика, информатика, робототехника бойынша бағдарламалардың мазмұнын қамтып, қатысушылардың 4 жас тобына арналған тапсырмалардың жеке нұсқалары бойынша өткізілді:
1-жас санаты – 5 сынып;
2-жас санаты – 6-7 сыныптар;
3-жас санаты – 8-9 сыныптар;
4-жас санаты – 10-11 сыныптар.
Чемпионаттың қорытындысы бойынша 1218 қатысушы жүлделі орындарға ие болды: I орын – 700, II орын – 406, III орын - 112.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және барлық қатысушыларға жаңа жетістіктер тілейміз!