Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен 2026 жылдың 19 ақпанында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың зияткерлікке және ғылыми білімге қызығушылығын арттыру, қабілеттерін, бейімділіктерін іске асыру үшін жағдай жасау, дарынды балалармен жұмысты іске асыру шеңберінде ерте бейіндеу, республикалық пәндік олимпиадаларға қатысу үшін жоғары ынталандырылған білім алушыларды анықтау.
Олимпиада Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің базасында және аудан орталықтарының тірек мектептерінің базасында smart.daryn.kz платформасында өткізілді.
Олимпиада 8 пән бойынша өткізілді: жаратылыстану, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, Қазақстан тарихы, ағылшын тілі.
Олимпиадаға аудандық (қалалық) кезеңнің жеңімпаздары болған облысымыздың мектептерінің 5-6 сыныптарынан 220-дан астам оқушысы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 124 оқушы жүлдегер атанды: І дәрежелі дипломдармен - 19, ІІ дәрежелі - 43, ІІІ дәрежелі - 62 оқушы марапатталады.
Қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Табыс пен жаңа жеңістер тілейміз!