«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы» РММ 2026 жылғы 24-28 ақпан аралығында Алматы қаласында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында V Республикалық «Қалқан» қысқы спартакиадасын өткізді.
Спартакиаданың мақсаты – «Жас Сарбаз» Республикалық жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында жан-жақты дамуын жетілдіру, әскери қызметке дайындау үшін олардың дене шынықтыру дайындығын және моральдық-психологиялық қасиеттерін жоғарылату болып табылады.
Спартакиадаға республиканың барлық өңірлерінен 18 команда қатысты.
Шығыс Қазақстан облысынан облыстық кезеңнің 4 жеңімпазы қатысты.
Спартакиада қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрамы командасы – 4 жалпы командалық орынға ие болды.
Жекелей сында спортшыларымыз жоғары нәтиже көрсетті:
- белтемірде тартылу бойынша I орын – Мұқанов Арнур;
- 3000 метрге шаңғы жарысында III орын – Сәлімбек Шалқар;
- пневматикалық мылтықтан оқ атудан қыздар арасында II орын – Оралбек Ақнұр;
- 3000 метрге шаңғы жарысында III орын – Оралбек Ақнұр;
- жалпы жеке есепте II орын – Оралбек Ақнұр.
Жеңімпаздар кубоктармен, медальдармен және дипломдармен марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Балаларға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!