2026 жылғы 24-27 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Астана қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қорытынды кезеңіне қатысты.
Конкурс оқушылардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға ықпал ету, талантты және дарынды зерттеушілерді іріктеу және қолдау мақсатында өткізілді.
Өткізілген іс-шара еліміздің барлық өңірлерінен 3 бағытта 10 секция бойынша 600-ден астам оқушының басын қосты.
Конкурстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен дарынды балаларға арналған облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы Звонов Артур (қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы) мараппатталды.
ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен:
- Тлеубеков Мансур – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);
- Ринатұлы Әліби – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (информатика);
- Нұрболат Азамат – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (биология);
- Амангелді Нұрдәулет – Зайсан ауданы, Х. Мұстафина атындағы мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Бердыханқызы Балжан – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (қолданбалы математика);
- Төлегенова Малика – Ұлан ауданы, Қасым Қайсенов кентінің орта мектебінің 9 сынып оқушысы (қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы);
- Серікқызы Ақжібек – Зайсан ауданы, Көгедай орта мектебінің 11 сынып оқушысы (математика);
- Хасен Хасан – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (Жер және ғарыш туралы ғылым) мараппатталды.
Ерекше жетістігі үшін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамоталарымен:
- Амангелдыева Аделя – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (экономика);
- Толеухан Ақерке– дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11 сынып оқушысы (экономика);
- Матей Жансая – дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10 сынып оқушысы (математика);
- Бауыржанұлы Мейірім – дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаттың 11 сынып оқушысы (техника);
- Тоқанов Таңат – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы (техника);
- Дәлелхан Нұрахмад – Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы (химия) марапатталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!