Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиада (бұдан әрі-Олимпиада) өткізілетіндігін хабарлайды.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың химия мен биологияны оқуға қызығушылықтарын арттыру, талантты және дарынды оқушыларды анықтау, ғылыми білімді насихаттау, оқушылардың зияткерлік дамуын және кәсіби бағыт-бағдарын қолдау.
Бірінші кезең - аудандық/қалалық іріктеу (2026 жылдың 26 ақпанына дейін);
Екінші кезең - аймақтық (2026 жылдың наурыз айының үшінші он күндігі, Абай облысы, Семей қаласы) .
Облыстық кезеңге әр аудан/қаладан командалардың сандық құрамы 4 адам: биология пәнінен - 1 оқушы, химия пәнінен - 1 оқушы (9 сынып - 2 оқушы, 10 сынып - 2 оқушы).
Қатысушылардың туу туралы куәлігінің көшірмесін, сұранысты, білім беру ұйымдарының басшылары, мамандандырылған мектеп директорларының қолымен бекітілген үлгіге сай 2026 жылдың 02 наурызына дейін қағаз және электронды нұсқада (Excel бағдарламасында) vk_daryn@mail.ru электронды поштасына жіберу қажет.
Өтінім үлгісі:
|
№ |
Қатысушының аты-жөні |
Қатысушының ЖСН |
Қала (аудан) |
Мектеп (толық атауы) |
Сыныбы |
Оқу тілі |
Бағыты |
Қатысушының әлеуметтік жағдайы |
Қатысушыны дайындаған пән мұғалімінің аты-жөні |
Қатысушыны дайындаған пән мұғалімінің ЖСН |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша ақпаратты 87232-700-244 нөмірінен алуға болады.