+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық «Смарт Сарбаз -2026» компьютерлік таланттардың чемпионаты
Жалпы білім беретін мектептерде 1-4 сынып оқушыларына арналған облыстық STEAM турнирін өткізу туралы
27 Ақп, 15:12

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың 16 наурызында жалпы  білім беретін мектептерде 1-4 сынып оқушыларына арналған облыстық STEAM турнирін (бұдан әрі – Турнир) өткізетінін хабарлайды.

Қатысушыларға келесі бағыттар бойынша тапсырмалар ұсынылады: математика, логика, стандартты емес есептерді шешу, цифрлық сауаттылық.

Турнирге қатысу - ақылы, ерікті болып табылады. Оқушыларды конкурсқа қатысуға олардың қалауына қарсы тартуға тыйым салынады. Турнирге қатысу туралы шешімді оқушылар мен олардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектептің қамқоршылық кеңесі қабылдайды. Турнир барлық қатысушылар үшін алдын-ала іріктеусіз өткізіледі. 

Турнирдің қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар, жүлдегерлерге – грамоталар беріледі.

Аудандық/қалалық білім бөлімдерінің, дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің үйлестірушілері турнирге қатысу үшін өтінімді төлем түбіртегімен қоса 2026 жылдың  06 наурызына дейін Өскемен қ., Абай даң., 21 мекенжайы бойынша, тел: 8/7232/700-244, vko.intellect@mail.ru электронды поштасына төмендегі үлгі бойынша жіберуі қажет.

Турнирге қатысуға ұйымдастыру жарнасы әр қатысушыдан 700 теңге.

Төлемді «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (ШҚ ҒӘО Дарын қатысу), Каспий Банкі (ШҚО «Дарын»), «ЦентрКредит Банкі» АҚ («Дарын» дамытудың ғылыми-әдістемелік орталығы) қосымшалары мен терминалдары арқылы төлеуге болады.

Үлгі формасы

Қала, аудан

Мектеп

Сынып

Қатысушы саны

қазақ тілінде

орыс тілінде

1

 

 

 

 

 

 

Турнир өткізілгеннен кейін қатысушылардың конкурстық жұмысын өткізу кезінде үйлестіруші қатысушылардың тізімін қағаз және электронды EXCEL нұсқада төмендегі үлгі бойынша жіберуі шарт:

Қатысушының аты, тегі (толығымен)

 Сыныбы

Оқу тілі

Мектебі

Қала/аудан

Қатысушыны дайындаған мұғалімнің АЖТ

1

2

3

4

5

6

7

Турнирді өткізу бойынша тапсырмалар мен нұсқаулықтар берілген өтінімге сәйкес таратылады. Тапсырмалар жинағы 2026 жылдың 13 наурызында сағат 08.00-ден бастап Турнир үйлестірушісіне Өскемен қаласы,Абай даңғ., 21 мекенжайында (жұмыс тәртібі: дүйсенбі-жұма: сағ. 8.00-17.00, сен., жек.- демалыс, түскі ас - сағ. 12.00-13.00) беріледі.