+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
9-11 сынып оқушылары арасында баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
27 Ақп, 15:05

2026 жылғы 23-26 ақпан күндері Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары (қыздар, ұлдар) арасында баскетболдан «Алтын доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.

Мақсаты – білім алушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға тарту, жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтау.

Іс-шараға қалалық/аудандық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары, облыстық мектептерден, 14 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орынға ие болған командалар:

Қыздар арасында:

1 орын  –  Глубокое ауданы, «Быструха орта мектеп-балабақша кешені» КММ-нің командасы;

2 орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-нің командасы;

3 орын - Зайсан ауданы, «Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің командасы.

Ұлдар арасында:

1 орын – «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі» КММ-нің командасы;

2 орын – Алтай ауданы, «Алтай қаласының мектеп-лицейі» КММ-нің командасы;

3 орын – Зайсан ауданы,«Х.Мұстафина атындағы мектеп-лицейі» КММ-нің командасы.

Жеңімпаздарды жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға жаңа жеңістер тілейміз!