1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ережелер «ШЫҒЫС BALAFEST» балалар шығармашылығы фестивалінің (бұдан әрі – Фестиваль) мақсаттарын, өткізу және қаржыландыру тәртібін, қатысуын, жеңімпаздарды анықтау тәртібін айқындайды.
1.2. Фестивальдің ұйымдастырушылары – Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
1.3. Фестивальдің мақсаты – балалар шығармашылығын қолдау және дамыту, өнер саласында дарынды балаларды анықтау.
Міндеттері:
- балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың шығармашылық әлеуетін ашуға және өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасау;
- балалар шығармашылығының үздік үлгілерін, талантты орындаушыларды, қызықты тәжірибелерді, жаңа бағыттар мен жұмыс түрлерін анықтау және насихаттау;
- салауатты белсенді өмір салтын және қызығушылықтарды қалыптастыру;
- азаматтық жауапкершілік пен патриотизмге тәрбиелеу, елге, мәдениетке және дәстүрлерге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру;
- балалық шақтың бейнесін қалыптастыру, балалардың табысқа жетулері мен таланттарын көрсету.
2. Фестивальді өткізу бойынша жетекшілік
2.1. Фестивальге дайындық және оны ұйымдастыру бойынша жалпы жетекшілік ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығына жүктеледі.
2.2. Фестивальге дайындықты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы бекіткен ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті) жүзеге асырады.
Ұйымдастыру комитеті:
- Фестивальге дайындық пен өткізуді тікелей басшылыққа алады;
- қатысуға өтінімдер мен қажетті материалдарды қабылдайды;
- қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- іс-шара түрлерін және олардың өткізу формасын анықтайды;
- нәтижелерді талдайды және қорытындылайды;
- дайындық, өткізу және қорытындысын БАҚ-та жариялауды қамтамасыз етеді.
2.3. Фестивальдің бірінші және екінші кезеңдеріне жетекшілікті жүзеге асыру үшін аудандық (қалалық) ұйымдастыру комитеттері мен сараптамалық комиссиялар құрылады. Олардың құрамы тиісті білім беру бөлімдері тарапынан бекітіледі.
3. Фестиваль-байқауды өткізу мерзімі мен орны
3.1. Фестиваль ІІІ кезеңде өтеді:
- I кезең – мектепішілік: 2026 жылдың ақпан-наурызы;
- II кезең – қалалық және аудандық: 2026 жылдың сәуірі;
- III кезең – Гала-концерт: 2026 жылдың 1 маусымы.
Фестивальдің қалалық және аудандық кезеңдерінің өткізілуі бойынша www.youtube.com арнасына орналастырылған бейнематериалға сілтемені іс-шара аяқталғаннан кейін, 2026 жылдың 1 мамырынан кешіктірмей konkurs.vko@mail.ru электрондық поштасына жолдау қажет.
Сараптама комиссиясы жеңімпаздардың ішінен Гала-концерт бағдарламасына енгізілетін үздік нөмірлерді анықтайды.
Гала-концерт және лауреаттарды марапаттау рәсімі 2026 жылғы 1 маусымда Өскемен қаласында Балаларды қорғау күніне орай өтеді.
Фестивальдің барлық кезеңдерін БАҚ-та #ШЫҒЫСBALAFEST хэштегімен жариялау қажет.
4. Фестиваль қатысушылары
4.1. Фестивальге жалпы орта және қосымша білім беру мекемелерінің 8-16 жас аралығындағы білім алушылары қатыса алады.
4.2. Фестивальге барынша көп баланы қамту үшін бір бала немесе бір топ тек бір номинация бойынша ғана қатыса алады.
5. Фестивальді ұйымдастыру тәртібі және өткізу шарттары
5.1. Фестиваль келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР (соло, дуэт, ансамбльдер):
- академиялық вокал;
- халықтық вокал;
- эстрадалық вокал;
- авторлық вокал.
ХОРМЕН ӘН АЙТУ (20 және одан да көп қатысушы):
- балалар хоры.
ХОРЕОГРАФИЯ (ансамбльдер 12 және одан көп қатысушы, 4-тің еселігі):
- сюжеттік би;
- халықтық би;
- халықтық-стильденген би;
- эстрадалық би;
- заманауи би;
- би шоуы.
АСПАПТЫҚ ӨНЕР (ансамбльдер, оркестрлер):
- ішекті-ысқылы аспаптар;
- ішекті халық аспаптары;
- домбыра;
- баян, аккордеон, гармонь;
- үрмелі аспаптар;
- соқпалы аспаптар;
- аралас ансамбльдер мен оркестрлер.
5.2. Қатысушыларға қойылатын талаптар:
«ВОКАЛДЫҚ ӨНЕР» номинациясы
Бағалау критерийлері:
1. Музыкалық және көркемдік интерпретация;
2. Интонация тазалығы және дыбыс сапасы;
3. Сахналық мәдениет;
4. Репертуардың орындаушының жас ерекшелігіне сай болуы;
5. Микрофонмен жұмыс істеу шеберлігі;
6. Сахналық образ (қойылымның ән мазмұнына сәйкестігі, орындаудың көркемдігі мен өзіндік ерекшелігі, сахнадағы еркіндігі мен қимыл пластикасы, костюмы мен реквизиті).
«ХОРМЕН ӘН АЙТУ» номинациясы
Бағалау критерийлері:
1. Хор дайындығының деңгейі (интонациялауы, ырғақ пен ансамбльді сезінуі, жақсы дикция, микрофонмен жұмыс істеу шеберлігі);
2. Хор-әнші дайындығы;
3. Сахналық образ (шығарманың мазмұнын тыңдаушыға жеткізуі, әртістілігі, еркін қозғалуы);
4. Көркемдік талғам деңгейі, костюмдері;
5. Репертуардың орындаушылардың мүмкіндіктері мен жас ерекшелігіне сай болуы.
Назар аударыңыз! Байқау шығармалары «минус» фонограммасында орындалуы тиіс, «плюс» фонограммаға рұқсат етілмейді. Конкурсанттардың вокалдық қабілеттерін қазылар алқасы сапалы әрі объективті бағалау үшін бір конкурстық нөмірдің «аcappella» түрінде орындалуына рұқсат етіледі;
Орындаушы таңдаған репертуары оның жасына сәйкес болуы тиіс. Байқау шығармалары кез келген тілде орындалуы мүмкін.
«Бэк-вокалдың» гармониялық қолдау түрінде болуы рұқсат етіледі, ол алдын ала «минус бір» фонограммасында жазылған болуы тиіс.
«Дабл-трэк» тәсілі (солист партиясын екі рет жазу) рұқсат етілмейді.
Қатысушылар орындау кезінде би тобының қызметін пайдалана алады.
«ХОРЕОГРАФИЯ» номинациясы
Бағалау критерийлері:
1. Әртістілігі;
2. Репертуардың жасқа сай болуы;
3. Орындаушылық шеберлік;
4. Би композициясы;
5. Көркемдік әсерлілігі және ерекшелігі;
6. Костюмнің көркемдік образға сай болуы;
7. Сахнада және залда өзін-зі ұстауы.
«АСПАПТЫҚ ӨНЕР» номинациясы
Бағалау критерийлері:
1. Аспапты меңгеру деңгейі;
2. Шығарманы орындау шеберлігі мен техникасы, оның аранжировкасы;
3. Музыкалық мәнері, әртістілігі, интерпретацияның өзіндік ерекшелігі;
4. Сахналық образы мен костюмдердің ерекшелігі.
6. Фестивальдің қорытындыларын шығару
6.1. Қазылар алқасының құрамы Фестивальдің Ұйымдастыру комитетінің келісімімен бекітіледі.
6.2. Дауыс саны тең болған жағдайда қазылар алқасы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
6.3. Байқау жеңімпазын таңдауда қазылар алқасының төрағасы ерекше артықшылықты дауысқа ие, +1 ұпай.
6.4. Қазылар алқасының құрамы алдын ала жарияланбайды.
6.5. Қазылар шешімі түпкілікті және қайта қаралмайды, хаттамамен рәсімделіп, барлық мүшелер қол қояды.
6.6. Фестиваль қатысушыларына демеушілер және басқа ұйымдар арнайы сыйлықтар тағайындай алады.
6.7. Гала-концертке қатысушыларды Ұйымдастыру комитеті бекіткен Сараптама комиссиясы таңдайды.
Ұйымдастыру комитеті конкурс номинацияларын бөлу және Гала-концерт бағдарламасын жасау құқығын өзіне қалдырады.
6.8. Фестиваль нәтижелері shygysdaryn.kz сайтында жарияланады. Анықтама телефоны: 8(7232) 75-26-91.
7. Фестиваль жеңімпаздарын марапаттау
7.1. Фестивальдің Гала-концертіне қатысушылардың барлығы дипломдармен, кубоктармен және сыйлықтармен марапатталады.
7.2. Осы Ережелерде қарастырылмаған мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
8. Фестивальді қаржыландыру
8.1. Фестивальдің қаржыландырылуы ШҚ ҒӘДДҚБО «Дарын» бекітілген сметаға сәйкес жүзеге асырылады.