1. Жалпы ережелер
1.1. «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық кезеңінің қашықтықтан көрме-байқауын өткізу ережелері (бұдан әрі – Көрме-байқау) оның мақсатын, міндеттерін өткізу және қаржыландыру тәртібін анықтайды.
1.2. Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы) Көрме-байқау дың ұйымдастырушысы болып табылады.
1.3. Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.
2. Көрме-байқаудың Ұйымдастыру комитеті
2.1. Көрме-байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін ұйымдастыру комитеті (бұдан әрі - Ұйымдастыру комитеті) құрылады.
2.2. Ұйымдастыру комитеті:
- Көрме-байқауды өткізудің жалпы тәртібін анықтайды;
- тікелей басшылықты жүзеге асырады;
- Көрме-байқауға қатысу үшін өтінімдер мен қазылар алқасының құрамын қалыптастырады және бекітеді;
- Көрме-байқау жұмыстарын бағалау критерийлерін анықтайды;
- нәтижелерді талдайды және қорытындылайды.
2.3. Көрме-байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың жұмыстарын бағалайды, қорытынды шығарады, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
3. Көрме-байқауды өткізу мерзімі және тәртібі
3.1. Көрме-байқау 2026 жылдың 7-8 сәуірінде қашықтықтан өткізіледі.
3.2. Қалалардың (аудандардың) білім беру бөлімдерінің басшылары қол қойған көрме-байқауға қатысу үшін өтінемдерді 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін konkurs.vko@mail.ru электронды поштасына жіберу керек (1-қосымша).
3.3. Конкурстық жұмыстар электрондық түрде қабылданады.
3.4. Өтінімге қатысушылар туралы ақпарат қоса беріледі (номинация, жұмыстың атауы, орындаушының Т.А.Ж., туған жылы, сыныбы, білім беру ұйымы, жетекшінің аты-жөні, ұялы телефоны);
3.5. Көрме-байқаудың ұйымдастырушылары көрме-байқау материалдарын БАҚ-та авторын көрсете отырып жариялауға құқылы.
4. Көрме-байқауға қатысушылар
4.1.Облыстық Көрме-байқауға аудандық/қалалық кезеңінің жеңімпаздары - жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жас аралығындағы оқушылары қатысады.
5. Көрме-байқауды өткізу тәртібі және шарты
5.1. Көрме-байқауға авторлық (жеке) туындылардың әр түрлі жанрдағы, техникадағы және материалдағы фотосуреттері қабылданады: әр қатысушыдан 1 жұмыстан қабылданады (бір бала бір номинацияға қатысады):
1) тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы;
2) ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш);
3) металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу,ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формада мүсіндер жасау;
4) ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;
5) ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;
6) қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше;
7) ұлттық нақыштағы интерьердің дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б.
Барлық номинациялар бойынша жұмыстар түпнұсқаны сканерлеу немесе фотоға түсіру жолымен немесе компьютерлік графикалық редактордың көмегімен орындалған электрондық көшірмелер (графикалық файлдар) түрінде қабылданады. Файл параметрлері: jpg немесе png форматы.
Қосымша материал ретінде жұмыс жасау үдерісін көрсететін фотосуреттер ұсынылады. Міндетті түрде: жұмыстың атауы, орындау техникасы, қажет болған жағдайда – мазмұнын түсіндіру.
5.2. Бағалау өлшемдері:
- жұмыстың Көрме-байқау номинациясына сәйкестігі;
- Көрме-байқауға қатысушы елдердің халықтық дәстүрлерін сақтау және пайдалану;
- жұмыстың орындалу сапасы мен көркемдік деңгейі (басымды);
- жұмыстың түпнұсқалығы мен шығармашылық тәсілі (басымды);
- бұйымның стильдік, көркемдік және бейнелік шешімдерінің біртұтастығы.
6. Көрме-байқаудың қорытындысы және жеңімпаздарды марапаттау
6.1. Көрме-байқаудың жеңімпаздары Гран-при, I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Байқау қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі, Көрме-байқау жеңімпаздары баспа форматында дипломдармен марапатталады.
6.2.Көрме-байқаудың қорытындысы shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.