+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық «Смарт Сарбаз -2026» компьютерлік таланттардың чемпионаты
«Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық кезеңін өткізу туралы
27 Ақп, 14:37

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы  2026 жылдың 7-8 сәуірінде «Алтын қазына» республикалық көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізетінін (бұдан әрі – Көрме-байқау) назарларыңызға салады.

Көрме-байқауға жалпы және орта, қосымша білім беру ұйымдарының 11-17 жастағы оқушылары қатыса алады.

Осыған орай, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған Көрме-байқауға қатысуға өтінімді konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жіберу қажет.