1. Жалпы ережелер
1.1. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу ережесі (бұдан әрі – Байқау) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, оны өткізу тәртібін анықтайды.
1.2. Байқаудың мақсаты: білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
1.3. Байқаудың міндеттері:
1) білім алушылардың шығармашылығын, танымдылығын, интеллектуалды бастамаларын белсендіру;
2) білім алушылардың ғылыми-зерттеу істеріне қызығушылығын дамыту;
3) техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласында дарынды оқушыларды анықтау;
4) инновациялық өнертабыстар мен ғылыми-зерттеу қызметі саласындағы жаңа құзыреттерді, командада шығармашылық жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
5) балаларды іс-шараларға тарту арқылы қосымша білім беруге қамтылуын арттыруға жәрдемдесу.
1.4. Байқауды ұйымдастырушы Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы, дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
1.5. ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы Ұйымдастыру комитетінің және қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, байқауды өткізеді және қорытындысын шығарады.
2. Байқауды өткізу мерзімі
2.1. Байқаудың облыстық кезеңі 2026 жылғы 30 сәуірде қашықтық форматта өткізіледі.
2.2. Аудандардың, қалалардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған байқауға қатысу туралы өтінім (1-қосымша) 2026 жылдың 22 сәуіріне дейін konkurs.vko@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.
2.3.Байқау қорытындысы shygysdaryn.kz сайтында орналастырылады.
2.4. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторды көрсете отырып БАҚ-та жариялауға құқылы.
3. Байқауға қатысушылар
3.1. Байқауға аудандық, қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Қатысушылардың жас санаты: 10-17 жас.
4. Байқауды өткізу тәртібі және шарты
4.1. Балаларды бұқаралық іс-шараларға қатыстыру арқылы қосымша білім беру жүйесінде қамтылуын арттыру үшін Байқау үш кезеңде өткізіледі:
- Бірінші кезең (іріктеу) – мектепішілік; аудандық (қалалық);
- Екінші кезең – облыстық;
- Үшінші (қорытынды) кезең – республикалық Байқау.
4.2. Байқаудың бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
4.3. Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) Смарт-көлік және электромобилдер – (автономды көлік, электромобильдер, дрондар, жол талғамайтын смарт-көліктер, тәжірибелік прототиптер 1 қатысушы);
2) Робототехника және автоматтандырылған жүйелер – (өнеркәсіптік роботтар, автоматтандырылған механизмдер, смарт-заводтар модельдері, тәжірибелік прототиптер 1 қатысушы);
3) Ауылшаруашылық және агротехнологиялық инновациялар саласындағы техникалық құрастыру – (тракторлардың моделдері, автономды комбайндар, сенсорлық егін жүйелері, агрокешендер, тәжірибелік модельдер және басқа да заманауи агротехникалық үлгілер 1 қатысушы);
4) Су көлігі және экологиялық технологиялар саласындағы техникалық құрастыру – (экологиялық катерлер, гидроплан, судағы автономды роботтар, энергия үнемдейтін су көліктер модельдері және басқа да заманауи прототиптер 1 қатысушы);
5) Авиация және дрон-технологиялар саласындағы техникалық құрастыру – (пилотсыз ұшатын аппараттар, экранопландар, гидроұшақтар, амфибиялар, инновациялық ұшу шешімдері және т.б. 1 қатысушы);
6) Космостық және аэрокосмос инновациялары саласындағы техникалық құрастыру – (ғарыштық станциялар, спутниктер, зымыран жүйелері, роботталған космостық құрылғылар және ілеспелі техника 1 қатысушы);
7) Құрылыс және смарт-инфрақұрылымдар саласындағы техникалық құрастыру – («ақылды үйлер», спорттық нысандар, вокзалдар, порттар, сауда орталықтары, энергия үнемдейтін кешендер басқа да заманауи архитектуралық прототиптер және т.б. 1 қатысушы);
8) «Үздік инновациялық рационализаторлық ұсыныс» жобасы. Осы номинацияға кәсіпорын, ұйым немесе қоғам үшін ресурсты үнемдеуге бағытталған IT, смарт, ұйымдастырушылық, энергетикалық, роботтандырылған инновациялық ұсыныс қатыса алады (1 қатысушы).
Легороботтарды пайдалануға тыйым салынады. Берілген модельдер ашық микроконтроллер негізінде, қашықтан басқару пульттерімен орындалуы тиіс. Модельдерді мүмкіндігінше механикаландырып, электрлендіру ұсынылады (42 В-тан жоғары кернеуді қолдануға тыйым салынады).
4.4. Модельдерді қорғау ұзақтығы – 3-5 минут. Модельдер қатысушының өзі тарапынан дербес орындалуы тиіс. 3D-басып шығару және лазерлік станокта кесу арқылы орындалған бөлшектерді ішінара ғана қолдануға рұқсат етіледі (25%-дан аспауы тиіс).
4.5. Барлық номинациялар бойынша Байқауға қатысу міндетті болып табылады.
Ескертпе: команданың бір қатысушысы ғана екі номинацияға қатыса алады.
Байқауға http://www.youtube.com арнасында орналастырылған бейнематериалға сілтеме жолданады (мәтіндік сипаттама, қолданыстағы модельдердің 2 фотосуреті).
4.6. Модельді қорғауды бағалауға патенттің немесе басқа байқауда жүлделі орынның болуы әсер етпейді.
4.7. Қолданыстағы модельдерді бағалау өлшемдері:
қолданыстағы модельдің сипаттамасының болуы;
автордың шығармашылық идеясы (басымды);
қолданыстағы модельдің практикалық маңыздылығы (басымды);
қолданыстағы модельдің, жобаның өзектілігі;
қолданыстағы модельдің сапасы мен функционалдығы (басымды);
тақырыпты ашудың толықтығы;
креативті және инновациялық әзірлеме.
5. Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
5.1. Кәсіби әділқазылар алқасы байқау жұмыстарын 10 балдық жүйе бойынша Байқаудың бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының мүшелері бағалау парақтарын толтырады, байқау жұмыстарын бағалау өлшемдеріне сәйкес әрбір параметр бойынша балл қояды.Әділ қазылар алқасының шешімі соңғы және хаттамамен ресімделеді.
5.2. Әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен марапатталады. Қатысушыларға Байқауға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
5.3. «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам»инновациялық идеялардың облыстық кезеңінің жеңімпаздары республикалық байқауға қатысады.
Анықтама телефоны: 8(7232)76-26-91.