+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
ШҚО командасының 2013 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми сайысына қатысуы туралы
22 Ақп, 10:46

 

2013 жылы 19-22 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарына қатысты.

Республикалық ғылыми сайысына бірінші (тестілеу) және екінші (іріктеу) турдан республикалық кезеңге жақсы нәтижемен өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері қатысты.

Ғылыми сайыс 4 бағыт бойынша өтті:

1.     Экономикалық және әлеуметтік процестерді математикалық модельдеу (секциялар:     математика, қолданбалы математика, экономика,

информатика);

2. Ғылыми - техникалық прогресс, экономикалық өсудің негізгі буыны (секциялар: физика, техника, Жер және Космос туралы ғылымдар);

3.  Таза табиғи орта – Қазақстан – 2030 стратегиясын іске асырудың негізі (секциялар: биология, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын қорғау);

4. Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары (секциялар: тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі).

Республикадағы алдыңғы қатардағы жоғарғы оқу орнының ғалымдарынан құралған білікті әділ қазылар алқасы жобаларды келесі тұрғыдан бағалады: шығармашылық қабілеттілігі; ғылыми ойлауы; қолданылған зерттеу әдістерінің тиімділігі; тақырыптың ашылу дәрежесі; жете ашуы; шеберлік шешендігі; ұсынылған материалдың сапасы; айқындылығы; команда мүшелерінің үйлесімділік деңгейі.

          Шығыс Қазақстан облысынан жарысқа 44 оқушы қатысты (36 жоба):

Сайыстың қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы командалық бірінші орынға және «2013 жылдың үздік командасы» деген номинациясына ие болды.

1.место:

– Серикбеков Сұлтан, Өскемен қаласының №44МЛ11 сынып оқушысы (информатика);

- Майндурова Патимат,Бесқарағай ауданының Боран ОМ11-сынып оқушысы (тарих);

- Орымбаев Сырым, Тургамбаева Анель, Семей қаласының экокномикалық лицейінің 11-сынып оқушылары (қоршаған ортаны қорғау);

2 место:

– Нұрбаева Айым,Семей қаласының №6МГ11-сынып оқушысы (қоршаған ортаны қорғау);

- .Беляев Максим, Герб Александра, Өскемен қаласындағы ДБА облыстық мамандандырылған № 34 мектеп-лицейінің 11- сынып оқушылары (өлкетану);

- Манакаева Диляра, Омарханова Айжан, Өскемен қаласының №38 ОМ 11-сынып оқушылары (этномәдениеттану);

- Қабдолдина Керім, Күршім ауданының МГ 11-сынып оқушысы (тарих);

- Қабдікарім Біржан, Күршім ауданынң МГ 11- сынып оқушысы (тарих);

- Сейткаримов Сейт, Улаков Ерик, Өскемен қаласындағы ДБА қазақ-түрік лицейінің 11- сынып оқушылары (физика);

- Елеусін Әділжан, Байгожина Аида, Семей қаласындағы ДБА облыстық мамандандырылған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мектептің 11-сынып оқушылары (экономика);

3 место:

- Дәлелова Айдана, Қадырова Малика, Семей қаласындағы ДБА облыстық мамандандырылған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мектептің 11-сынып оқушылары (химия);

-7Аймакова Гульмира, Семей қаласының №6 МГ 11-сынып оқушысы (құқықтану);

- Шағатаева Аяулым, Өскемен қаласындағы ДБА облыстық мамандандырылған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатының 11- сынып оқушысы (этномәдениеттану);

- Мазбаев Сұңкар, Күршім ауданынң Қ. Нұрғалиев атындағы МГ 11-сынып оқушысы (физика);

- Нуждин Виталий, Өскемен қаласындағы ДБА облыстық математика, физика, информатика салаларындағы мамандандырылған мектепбінің 11-сынып оқушысы (техника);

- Садыкова Амина, Өскемен қаласының №3 МГ 9-сынып оқушысы (математика);

- Ғазиз Балнұр, Акимжанова Назерке, Семей қаласындағы ДБА облыстық мамандандырылған Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын мектептің 11-сынып оқушылары (экономика);

- Болатова Аяулым, Өскемен қаласының № 44 МЛ 11-сынып оқушысы (экономика);

- Ерланова Алмара, Өскемен қаласының №3 МГ 11- сыгып оқушысы (информатика);

- Сағадиева Дана, Өскемен қаласының № 38 МГ 11- сынып оқушысы (тарих).

4 оқушы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің грамоталарымен марапатталды:

- Қалиев Ақсултан,Семей қаласының №37 МГ 10-сынып оқушысы (этномәдениеттану);

- Мухамеджанова Әйгерім, №37 МГ 11-сынып оқушысы (этномәдениеттану);

- Советов Рауан, Өскемен қаласындағы ДБА облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 11-сынып оқушысы (қолданбалы математика);

- Абдулина Виктория, Семей қаласындағы экономикалық лицейінің 11 –сынып оқушысы (құқықтану);

Өскемен қаласындағы ДБА облыстық мамандандырылған № 34 мектеп-лицейінің 11- сынып оқушысы Аскарбеков Саят (қолданбалы математика) IT университінің грант иегері болды.

Құттықтаймыз!