Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың 26 наурызында «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының (бұдан әрі – Фестиваль-байқау) облыстық кезеңін қашықтық форматта өткізетінін назарларыңызға салады.
Фестиваль-байқауға жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 8-17 жас аралығындағы оқушылары қатыса алады.
Осыған орай, қалалардың, аудандардың білім бөлімдері басшыларының қолы қойылған Фестиваль-байқауға қатысуға өтінімдерді konkurs.vko@mail.ru электрондық мекенжайына 2026 жылдың 19 наурызына дейін жіберу қажет.