1. Жалпы ережелер
1.1. Техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізу ережелері (бұдан әрі – Жарыс) оның мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру форматын, оны өткізу және қорытынды шығару тәртібін анықтайды.
1.2. Жарыстың мақсаты: техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласындағы ынтымақтастықты дамыту, балалар мен жасөспірімдердің ғылыми-техникалық бағыттарға қызығушылығын арттыру, инженерлік ойлауды, білім алушылардың шығармашылық құзіреттілігін және кәсіби өзін-өзі анықтауын қалыптастыру.
1.3. Жарыстың міндеттері:
- техникалық шығармашылық саласындағы білім алушылар мен педагогтер арасында байланыстар мен тәжірибе алмасуды нығайту;
- өнертапқыштық және инженерлік технологиялар саласындағы жетістіктер мен үздік тәжірибелерді насихаттау;
- балалар мен жасөспірімдердің инновациялық және зерттеу қызметін ынталандыру;
- модельдеу, инженерлік және қолданбалы шығармашылық саласындағы болашақ құзіреттерін дамыту;
- техникалық шығармашылық және өнертапқыштық саласындағы талантты және дарынды білім алушыларды анықтау;
-республикалық және облыстық жарыстарға қатысу арқылы балалардың қосымша білім алуға қатысуын кеңейтуге ықпал ету.
1.4. Жарыстың ұйымдастырушысы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының, «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі - ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы).
1.5. Жарысты ұйымдастырушы Ұйымдастыру комитетінің және әділ қазылар алқасының құрамын қалыптастырады, байқауды өткізуді жүзеге асырады, нәтижелерді талдайды және қорытындысын шығарады.
2. Жарысты өткізу мерзімі және тәртібі
2.1. Жарыс Өскемен қаласында 2026 жылдың 22 сәуірінде өткізіледі.
2.2. Аудандардың, қалалардың білім бөлімдерінің қолы қойылған Жарысқа қатысутуралы ілеспе хат және өтінімді 2026 жылдың 13 сәуіріне дейін konkurs.vko@mail.ru электрондық поштасына қабылданады.
3. Жарысқа қатысушылар
3.1. Жарысқа аудандық, қалалық жарыстардың жеңімпаз командалары – облыстың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысады. Жарысқа қатысушылардың жасы: 10-17 жас.
4. Жарысты өткізу тәртібі және шарты
4.1. Балаларды іс-шараларға араластыру арқылы қосымша біліммен қамтылуын арттыру үшін Жарыс 3 кезеңде өткізіледі:
1) бірінші кезең (іріктеу) – өңірлік;
мектепішілік;
аудандық (қалалық);
2) екінші кезең – облыстық, қалалық;
3) үшінші кезең (қорытынды) – республикалық.
4.2. Жарыстың бірінші (іріктеу) кезеңін өткізу мерзімі аудандық (қалалық) білім бөлімдері басшыларының бұйрықтарымен анықталады.
4.3. Жарыстар келесі модельдердің кластары бойынша өткізіледі:
Радиомен басқарылатын көлік модельдері:
1. 1:10 масштабта көлік модельдерін мәнерлеп жүргізу; РЦБ класы;
2. 1:10 масштабта багги жарысы (4wd). Багги-10Э.
Әуемодельдері:
1. F-3-Р (пенолёт)моделі;
2. кордалы жарты копия, контурлы моделі.
Дрондар жарысы:
1) Micro dron;
2) Квадракоптер.
Кеме модельдері:
1) Ф -2 -А;
2) F-4-В немесе F-4–С (бір модель);
3) FSR- Eco Mini Expert.
Зымыран модельдері:
1) S9А – ротошют.
4.4. Модельдердің әр класында командадан 1 қатысушыдан артық қатыспауы керек. Жарыстың әрбір түрі өлшемдері, бояуы және формасымен арнайы құрылған алаңда өткізіледі. Жарыстарға қатысатын модельдерге қойылатын техникалық талаптар қоса беріледі.
4.5. Қатысушылар Жарыстарда өздерімен бірге әкелінген материалдар мен жабдықтарды пайдаланады. Ұйымдастырушылар аталған жабдықты Жарыстарда ұсынбайды. Команданың жабдықтары сынған немесе ақаулы болған жағдайда, ұйымдастыру комитеті оларды жөндеуге немесе ауыстыруға жауапты болмайды. Командаларға қосалқы бөлшектер жиынтығын алып жүруді ұсынылады.
5. Жарыс қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
5.1. Жарыс номинацияларын кәсіби әділ қазылар алқасы бағалау өлшемдеріне, хаттамалық шешімдердің нәтижелеріне және АСФ, АМСФ, NAVIGA ережелеріне сәйкес бағалайды. Қазылар алқасының шешімі хаттамамен ресімделеді.
5.2. Жарыстың қорытындысы бойынша әділ қазылар алқасының мүшелері жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар I, II, III дәрежедегі дипломдармен және барлық қатысушыларға Жарысқа қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
Жарыстың қорытындысы бойынша жалпы командалық орындар анықталып, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
Анықтама телефоны: 8(7232) 75-26-91
6. Жарысты қаржыландыру
6.1. Жарысты қаржыландыруды бекітілген сметаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ДпҚББД ШҚ ҒӘ «Дарын» орталығы жүзеге асырады.